«Жас сарбаз» клубы

24.02.2021ж    «Innovative college» мекемесінде жалпы білім беретін пәндік циклдік бірлестігінің онкүндігі аясында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық  пәні бойынша «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының мүшелерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелдің  мақсаты: Студенттерге азаматтық көзқарасын қалыптастыру, ҚР егемендігін қорғау қажеттілігіне көз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету.

Білімділік: Қазақстан Республикасының Қарулы  Күштері  қалай құрылғаны туралы және қазіргі  кезеңдегі  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері,  олардың құрамы жəне атқаратын қызметтері жайлы мағлұматтар беру, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметкері туралы студенттердің  ұғым, түсініктерін  дамыту,  ой-өрісін, ойлау қабілетерін, қоғаммен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерін  құрметтеуге және еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке,  Қарулы Күштеріне деген құрмет сезімін ояту, қырағылыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Клуб жетекшісі : Әбішев Ержан Жарылғасынұлы.