АТА –АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Ақпанның 22-23 күндері «Innovative College» мекемесінде  онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста карантиндік шектеу  кезінде оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, 2020-2021 оқу жылының оқу үлгерімі бойынша  І жарты жылының қорытындысы талқыланып, колледж психолыгының “Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез –құлқы” тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Сонымен қоса 18.02.2021 күні ШҚО Білім басқармасының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім  беру ұйымдарымен және Ата–аналар қауымдастығымен өткен жиналыстың шешімімен таныстырылып, ары жұмыс істеу тапсырылды.