Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар

РЕНАТ БЕКТҰРОВПЕН ӨТКЕН  «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

 Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі.

Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан.

Ренат Бектұров Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder).

Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды. Ренат Бектұровтың өмірлік ұстанымы ұлы Абай атамыздың шығармасынан үзінді: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан». Адам өмірінен өткен соң оның сөзі мен игі істері қалады. Өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болу үшін мақтан тұтарлықтай мағыналы да мәнді істеріміз көп болғай! Табысқа тек бойыңыздағы бар жақсы қасиеттерді дамыту арқылы жете аласыз.

Бейне-дәріске сілтеме:

Ренат Бектұровпен Адалдық сағаты – Яндекс.Видео (yandex.kz)

«САНАЛЫ ҰРПАҚ» КЛУБЫНЫҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ

«Саналы ұрпақ» клубының кезекті отырысында «Адалдық алаңы» жобасы таныстырылды. Жобаның басты идеясымен, мақсаттарымен және «Шығыс Адалдық алаңы» жобасы бойынша таныстру жүргізілді.

АРДАҚ НАЗАРОВПЕН ӨТКЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.
Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған.

А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.

Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.

«Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті ол. 

А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады.

 «Басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым», –  деді әлем чемпионы.
Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Бейне-дәріске сілтеме:

Ардақ Назаровпен Адалдық сағаты – Яндекс.Видео (yandex.kz)

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС»  ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында 08.12.2020 ж. “ПБ-32” тобында сынып сағаты өткізілді. Біздің талқылау тақырыбымыз-сыбайлас жемқорлық, оның сыбайлас жемқорлық көріністерінің салдары-кездейсоқ таңдалған жоқ. Біз сіздермен өте күрделі уақытта, экономикалық реформалар мен дағдарыстар кезеңінде, қайта құру кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Макроэкономикалық және полиэкономикалық зерттеулерге сәйкес, сыбайлас жемқорлық кез-келген өзгерістерге қауіп төндіретін экономикалық өсу мен дамуға ең үлкен кедергі болып табылады.

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС» ТАҚЫРЫБЫНДА КЛУБ МҮШЕЛЕРІМЕН ОНЛАЙН ОТЫРЫС

Желтоқсан айында клуб мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» тақырыбында онлайн отырыс өткізілді.

Тақырып бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Касимова баяндама оқыды. Клуб мүшелері қызу талқылап, тақырыпты жан-жақты ашты.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ НАСИХАТТАУ

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мақсатында аудиороликтер колледждің ютуб каналына және инстаграмм желісіне жүктелінді.

Аудиороликке сілтеме :

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау – YouTube

«БАЛАНЫҢ ЖАҚСЫ АЗАМАТ БОЛЫП ӨСУІ ҮШІН  АТА-АНАЛАР БАЛАҒА НЕНІ ҮЙРЕТУ КЕРЕК?»  ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН  САУАЛНАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2021 жылдың 26 қаңтар күні Семей «Innovative college» мекемесінде «Баланың жақсы азамат болып өсуі үшін  ата-аналар балаға нені үйрету керек?» тақырыбында   2 курс студенттері арасында ата-аналардың балаға деген жалпы көзқарастарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.

Сауалнама барысында студенттер ата-аналар тарапынан қандай көмек, нені үйренгілері келетіндері туралы өз ойларымен бөлісті.

Барлығы сауалнамаға қатысқан 80 ата-ана. Сұрақ  саны 12

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «ТУРАЛЫҚТЫ ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.

«Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.

Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.

Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады.

Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады.

Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес.

Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: «Жас адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – тілазарлық» деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.

Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.

Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай.

Бейне-дәріске сілтеме:  «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы «Адалдық сағаты» – YouTube

2021 жылдың 18-ші мамыр күні «Innovative College» мекемесінің 1 курс студенттері арасында жемқорлықтың алдын алу бойынша анонимді түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнама жүргізілді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ САУАЛНАМАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

  Сауалнаманы алудың мақсаты:студенттердің заңды мүдделері мен еркіндіктерін құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру; колледжішілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы студенттер ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру. Сауалнама қорытындысы бойынша студенттердің  жемқорлық туралы мәліметті толық игермегені анықталды.

1. Күнделікті өмірде парақорлық қалай таралады деп ойлайсың?

-Біледі – 60

-Білмейді -42

2. Соңғы екі жылда парақорлықтың деңгейі қаншалықты өзгерді?

-Біледі – 30

-Білмейді – 72

3. Қандай басты себептермен сыбайлас жемқорлық таратылады?

-Біледі – 20

-Білмейді – 82

4. Келесі билік мекемелеріндегі қайсысында сыбайлас жемқорлық бар деп ойласың? (дәрежесін 10 баллдық шкаламен белгіле)

-прокуратура – 20

-полиция – 64

-сот – 19

-салық қызметі -9

-кеден қызметі -10

-білім ұйымдары -0

-медицина – 0

-қалалық әкімшілік -5

-аудандық әкімшілік – 3

-білмеймін – 1

5. Сенің жоғарғы оқу орнына түсуің неге байданысты?

-білімге -73

-ақшаға – 10

-сәттіліктен – 6

-таныс-тамырға – 5

-білмеймін – 4

6. Сені біреу жәбірлеп ақша жинауға қысым жасай ма?

– иә – 0

– жоқ – 102

7. Тобында ақша жинала ма (қандай себептермен)?

-иә – 1

-жоқ – 224

8. Оқытушы ақылы қосымша оқытуға ұсыныс жасады ма?

-иә – 0

-жоқ – 102

9. Оқытушыларға, колледж әкімшілігіне сыйлыққа ақша жинауға саған қысым жасалды ма?

-иә – 0

-жоқ – 102

10. Білім ұйымдарында жемқорлықты қалай жеңуге болады?

-Біледі – 7

-Білмейді – 95

                        Педагог-психолог:                          Смагулова А.Т.

«Жемқорлықпен қалай күресеміз?» тақырыбындағы дебаттық турнир

 «Жемқорлықпен қалай күресеміз?» тақырыбында 1 курс студенттері арасында дебаттық турнир өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған дебаттық турнирде студенттер өз ойларын кеңінен білдірді.

Айбек Нұғымаровпен Адалдық сағаты өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бастамасымен 2 дүркін Қазақстан Барысы, 3 дүркін Әлем Барысы, 4 дүркін Азия және Әлем чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғымаровпен кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Еліміздің мақтан тұтар спортшыларының бірі, қайсар балуан Айбек Серікболұлы 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шығыстың шымыр балуанының ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері көп.

Онлайн-дәріс барысында жастар спортшының адами құндылықтар, парасаттылық, әділдік туралы ойларымен танысты.

Спортшы «Парасаттылық дегеніміз – адалдық, ниеттің дұрыстығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет», – деп түсінетіндігін атап өтті.

Бала Айбек дәрігер болуды армандаған. Есейе келе қазақ күресіне келіп, талмай еңбектеніп биік белестерді бағындарған. Сондай-ақ, спортшы жетістіктерге жетуіне жаттықтырушысы көп ықпал еткендігін айта келе «Жаттықтырушым – екінші әкем сияқты» деп ұстазына деген зор құрметін білдірді.

Айбек Нұғымаров қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровты, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыхановты өзіне үлгі тұтатындығын айтты.

Атақты балуан Менің арманым – еліміздің Тәуелсіздігі мәңгі болсын. Сондықтан баршаңызды осы жолда адал еңбек етуге шақырамын», – деп «Адалдық сағатын» тәмамдады.

Аталған бейне-сабақ ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің  Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rPB0p1T8v2c

17.09.2021ж.

Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі Т.Джумурбаевтың «Сыбайлас жемқорлықта күрестегі жастардың рөлі»  атты онлайн лекциясына қатыстық.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бейне роликтер сайысына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Бейне роликке сілтеме:

#netкоррупции

https://www.instagram.com/tv/CUPInKfAtyx/?utm_medium=share_sheet

Плакаттар көрмесі

10-20.10.2021 аралығында  «Саналы ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен колледж ішілік «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты

плакаттар көрмесі өтті. Көрмеге колледж студенттері белсенді қатысты.

«Саналы ұрпақ-Мәңгілік Ел болашағы»  облыстық жастар слет-форумы

Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Саналы ұрпақ-Мәңгілік Ел болашағы ” облыстық жастар слет-форумы өтті.

Колледждің “ Саналы ұрпақ” клубы следқа “Жемқорлыққа қарсы күрес” тақырыбында плакаттар, видеоролик жасап белсене қатысты. Қорытынды бойынша колледж плакаттар  конкурсымен  видеоролик конкурсы бойынша алғысхатпен марапатталды .

“ Саналы ұрпақ” жобасы аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосқаны үшін «Innovative college “ мекемесінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Касимова Айжан Маулитовна марапатталды.

«МҰХТАР МҰРАСЫ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың парасаттылық пен ізгілікке жетелейтін шығармашылығына арналды.

«Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында Мұхтар Омарханұлының шығармашылығы арқылы жастарға жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңыздылығы түсіндірілді.

Ғалым қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық мәселелері туралы іргелі еңбектер жазған.

Қазақ әдебиетінің ұлы классигі, әдебиет сыншысы, тамаша педагог Мұхтар Әуезовтің даралығы мен даналығы, заңғарлығы мен дархандығы қай салада болмасын көрініс тауып отырған.

Онлайн-дәріс барысында жастар жазушының адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.

Өз еңбектері арқылы адалдықты мұра еткен кемеңгер Мұхтар Әуезов «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек» – деген. Яғни, адалдықты, парасаттылықты – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі ретінде насихаттаған.

Мұхтар Әуезовтің туындыларының ішіндегі шоқтығы биік еңбегі – «Абай жолы» роман-эппопеясы. Бұл еңбек қазақ халқының тұрмысы мен қасиетін, ұлттық танымы мен болмысын тамаша суреттеген қазақ әдебиетінде бірегей орынға ие еңбек, әрі бүкіл қазақ халқының мақтанышы. 

Ғалым Мұхтар Омарханұлы “Ғылым” атты мақаласында: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. … Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек…» деп оқу, білімді дәріптей отырып, бала тәрбиесіндегі қоғамның алар орнын ерекше атап өткен.

«Адалдық сағатының» ұйымдастырушылары адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттерді насихаттау арқылы жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреді.

“Мұхтар Әуезов” тақырыбында “Адалдық сағаты” – YouTube

30.11.2021ж.

«Саналы ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты сыныптан тыс іс- шара болып өтті. Іс -шара барысында студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары екені байқалды. Іс-шара нәтижесінде ӘЖ-23 тобының студенттері үздік болып табылды.

«ТАЗА СЕССИЯ» САУАЛНАМАСЫ

 «Innovative college»мекемесінде “Саналы ұрпақ” клубының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын -алу және ескерту мақсатында 2021-2022 оқу жылының жазғы емтихан сессиясы кезеңінде “Таза сессия” анонимді сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға 1-4 курс студенттері тартылды, оларға емтихандардың өтуіне қатысты 10 сұраққа жауап беру ұсынылды.

Студенттер колледждің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысты, оқу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді пара арқылы шешуге тура келді ме? деген сұрақтарға жауап берді. Білім беру мекемесінің сыбайлас жемқорлықты өз көзқарасы бойынша бағалады

Сауалнама нәтижелері бойынша колледжде сыбайлас жемқорлық жағдайы – қанағаттанарлық. Оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері байқалған жоқ. Сауалнамаларда респонденттер колледждегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоққа шығарады. “Таза сессия” сияқты акциялардың арқасында сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз фактіні жою жүзеге асырылады. Бұл студенттер үшін де, білім үшін де маңызды.