Көрмелер

1 желтоқсан – Бірінші Президент күні

Мақсаты:

  1. Қазақ  халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат беру;
  2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
  3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі

мақсаты:
                           Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге Тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында елтарихына шолу жасау.

                           Бұл атаулы күн 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 2008 жылғы 25 маусымдағы және 2009 жылғы 22 сәуірдегі заңдармен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-інде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі.Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары.

20221 жылғы 29 қарашада «Innovative College» мекемесінде кітапханаша Л.Б.Сәрсенбаеваның ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы кітап көрмесі өткіізілді. Көрме жұмысына қатысқан 2 курс студенттері Елбасының өмірбаянымен, қызметімен, Елбасы басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген табыстарымен, Елбасы еңбектерімен таныстырылды. Студенттер көрме жұмысына белсене қатысып сұрақтар қойды, көрмеге қойылған Елбасы еңбектерімен танысты.

2021 жылы    23 желтоқсанда «Innovative College» мекемесінде ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Армандар орындалған 30 жыл» тақырыбында облыстық виртуалды кітап көрмесі байқауы шарттарына сәйкес кітап көрмесі өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Л.Б.Сәрсенбаева виртуалды кітап көрмесінің қорытынды нәтижесі бойынша жүлделі 3 орынды иеленді.

2022 жылдың 7 -ақпанында “Innovative College” мекемесінің кітапханасы “Өзін-өзі тану” бағдарламасының авторы Сара Алпысқызына арналған көрме өткізді. Көрмені өткізудің мақсаты: студенттерге 12-ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін ерекше екенін айтып түсіндіру. Көрме барысында студенттерге Сара Алпысқызының өмірбаяны, еңбектері, қызметі туралы мәліметтер берілді.