Тәрбие жұмыс бағыттарының мақсаттары

1. Рухани-адамгершілік тәрбие -

  • Жас маманның рухани бай, дамыған жаңа моделін қалыптастыру;
  • Күнделікті кездесетін өмір қиындықтарын шеше білетін, нағыз дос бола білетін жас маман тәрбиелеу;
  • Білімді кәсіби түрде үйрету - әдептілік - рухани мәдениетін қалыптастыру.

2. Зерде мәдениеті -

  • Оқушылардың өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өзіндік жетілуге психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру;
  • Оқудың өзіндік стилін қалыптастыру, дағдыны дамыту, үнемі өзгеретін дүниенің жағдайына жылдам бейімделуге жалпы қабілетті қалыптастыру;
  • Білім меңгеру үрдісінде зерде мәдениетін жасау.

3. Талғам мәдениеті -

  • Өнер құралдары арқылы сана-сезімін деңгейі өте жоғары, дүниеге деген біртұтас көзқарасы бар, шығармашылық іс-әрекетінде соны енгізуге, көрсетуге дайын, ұжымда өмір сүре алатын адамды қалыптастыру;
  • Әдептілік рухани құндылықтарды әсемдікке ұластыру арқылы халықтар мен дәуірлер жасаған әлемдік көркем құндылықтарға сүйене отырып адамдар бойында талғам мәдениетін қалыптастыру;
  • Мәдениеттің ұлы қайраткерлері жасаған рухани байлықты оқушыдардың ішкі рухани бойына сіңіру.

4. Экономика мәдениеті -

  • Нарық экономикасының даму ұстамдарына сәйкес жас ұрпақты тәрбиелеу, оларды өз орнын анықтай білетін және өз ахуалын жақсарта алатын өзіндік өмірге дайындау;
  • Нарық экономикасының құндылықтарына дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру;
  • Экономикалық тәрбие мен мәдениеттің маңыздылығын қалыптастыру.

5. Саяси –құқықтық және патриоттық тәрбие –

  • өскелең ұрпақты демократиялы қоғамда өмір сүруге үйрету;
  • жалпы азаматтық құндылықты бейнелейтін әдеп, саяси-құқық бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ету;
  • заңға бағынуға және құқықтық сананы тәрбиелеу

6. Экологиялық тәрбие -

  • Табиғатқа деген сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу;
  • Оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастыру, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстарға көмек көрсету;
  • Түрлі экологиялық жағдайды және жергілікті экология мәселесін шешуге жауапкершілікті өзіне арта білу.

7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулық

  • Салауатты-денсаулық туралы кешенді түсінік қалыптастыру;
  • Денсаулықтың құрамы, бөлшектері туралы түсінік, әрбір адамның денсаулығын сақтау мен нығайту мүмкіншіліктері жайлы түсінік беру;
  • Ғылыми деректер негізінде оршаған ортаның оқушы денсаулығына әсерін бағалай білуге тәрбиелеу;

8. Этникалық тәрбие –

  • Оқушылардың әлемдік мәдениеттің көп түрлілігі, Қазақстанның мәдени аймақтық байлығы туралы түсінігін қалыптастыру;
  • Оқушылардың бойында әдептілік қасиетті тәрбиелеу барысында әлеуметтік тұлға ретінде мәдени салт-дәстүрлер қажеттелігін қалыптастыру;
  • Оқушылардың этникалық тәрбие жүйесіндегі этнос субьектісін қалыптастыру;
Бағыты Топтағы жұмыс Мерзімі Жауапты адам

Оқушылармен жұмыс

 

 

-  колледждің ішкі

   ережесімен таныстыру;

- оқушылардың формаларын

   қадағалау;

- сабаққа қатысуын бақылау;

- сабақты себепсіз

  босатпауын қадағалау;

- топ кезекшісін күнделікті тексеру;

 

қыркүйек

 

 

жыл бойы

жыл бойы

 

ай сайын

 

күнделікті

Топ жетекшісі

Топ жетекшісі

Топ старостасы

Топ жетекшісі

Тазалық секторы

Оқытушылармен жұмыс

 

 

 

- топтағы үлгерімі төмен

  оқушылармен жұмыс;

- қосымша сабақтар өткізу;

- сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларға қатысуын қадағалау;

 

 

 

 

ай сайын

 

жыл бойы

 

жыл бойы

 

 

Топ жетекшісі

Топ оқушылары

Топ белсенділері

Ата- аналармен жұмыс

 

 

 

- айлық аттестация бойынша мәліметтер беру;

- оқу ақысы туралы ескерту;

- оқушылардың сабаққа қатысуы мен тәртібі туралы әңгіме жүргізу;

- жиналыстар өткізу, телефонмен әңгімелесу, жекеле кездесу.

 

жыл бойы

 

ай сайын

 

ай сайын

 

күнделікті

Топ жетекшісі

Топ жетекшісі

Топ жетекшісі

 

Топ жетекшісі