Жолсерік

Анықтама – жолсерік І курс студенттері үшін басшылық ретінде қызмет атқарады және ұсынылатын мамандықтар тізімі, автобус бағыттарын көрсете отырып колледждің мекен - жайын, үзіліс кестесін, оқу корпусының аудиториялары мен кабинеттерінің сызбасын, әкімшілік құрамы мен әрқайсысының орналасқан жері көрсетілген тізімнен, колледждің банк реквизиттерінен, сондай – ақ студенттердің әрқайсысы үшін орындауға міндетті ішкі тәртіп ережелерінен тұратын жалпы ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар жастарға рухани – адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, олардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру  мақсатында жолсерік құрамына Астана қаласында ҚР Президенті, Ассамблея төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің жеті мызғымас негіздері енгізілген.

Анықтама – жолсеріктегі ақпараттар студентке көмек көрсетуге арналған және оқушыларды колледж қызметінің ерекшеліктерімен таныстырады, оқу процессінің, аралық және қорытынды білім бақылауларының ұйымдастыру тәртібі суреттеледі, сондай – ақ студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілген. Осы анықтама кураторлардың бейімделу кезеңіндегі студенттерге бағыт беруін және оқу процессін жоспарлауын жеңілдету үшін пайдалы болады.