Серпін-2050

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  болмақ.  Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне  арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»  әлеуметтік  жобасын ұсынған  болатын.  Бұл жоба  «Серпін-2050» деп аталады.

2014 жылы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 2050 талапкер оқуға түссе, 2015 жылы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына бөлінген арнайы  грант 3-есеге өсіп, 6200-ге жетті. Олардың 5000 орыны   19 жоғары оқу орындарындағы 61 мамандық бойынша бөлініп, 1200 орыны 36 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (колледж) 47 мамандық бойынша берілді.

2016-2017 жылдары, бағдарламаға 22 жоғары оқу орыны, 32 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары  қатысады.

Қазіргі таңда "Innovative college"  мекемесінде "Серпін-2050" бағдарламасымен 187 студент білім алуда