«Бухгалтер» үйірмесі

«Бухгалтер» үйірмесі қыркүйек айынан бастап, жұмыс жасайды. Үйірмеде 10 білім алушы бар. Мақсаты: студенттердің ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау.

Осы мақсатқа жету үшін әр айдың соңғы жұмасында  үйірме отырыстары болды. Білім алушыларға үйірменің мақсаты мен міндеті таныстырылды. Бірінші үйірме отырысында «Бухгалтер»тақырыбына зияткерлік ойын ұйымдастырылып, студенттердің қызығушылығын ояттым.  Әр үйірме отырысында білім алушылардың білімдері артып, патриоттық сезімдерінің, отансүйгіш қасиеттерінің артуына ықпал жасалынады.

«Бухгалтер» үйірмесінің кезекті отырысы 26.04.2021ж өтті. Тақырыбы: «Бизнес жоспар даярлау».

Мақсаты: Студентерді іздемпаздыққа, еңбекқорлыққа, алға қойған мақсаттарына жетіп, білікті маман болуға даярлау.

24.10.2023 күні колледжде 25- қазан Қазақстан Республикасының Республика күніне орай, колледжегі үйірмелер мен клубтар онкүндігі аясында «Жас кәсіпкер» клубының және «Бухгалтер» үйірмесінің ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлердің қатысуымен
«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы»
тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Студенттерге кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт – бағдар беру.