«Жас техник» үйірмесі

Үйірме жұмысының басты мақсаты– тәрбиеленушілірдің автокөлік ісіне деген қызығушылықтарын дамыту, политехника жағынан нақты дағдылары мен білімдерін нығайтып бекіту, материал және құралдармен жұмыс жасауды үйрету.Үйірмедестуденттер ең алдымен контурды автокөліктер мен аэрокөліктердің қарапайым модельдерін жасауды игереді.Одан кейін үйірмешілер қарапайым есептеулер жүргізіп, автокөлік модельдерінің әртүрлі және күрделі түрлерін жасауды үйренеді. Үйірме бағдарламасын жүреге асыру барысында тәрбиеленушілер техникалық терминологияны, әртүрлі кластағы автомодельдер түрлерінің құрастыру әдістерімен,әртүрлі материалдарды дайындау технологиясымен танысады,модельді дайындауда әртүрлі технологияларды игереді.

Үйірме тәрбиеленушілерінде автокөліктерді жинау бойынша тәжірибе жұмысынан білімдер мен дағдылар қалыптасады, олар оқып, кейін модельдердің кестелері мен сызбаларын сызып, оқып білуді үйренеді, техникалық және танымдық шығармашылыққа,қиял,жасампаздық, модельді техниканы көрмелер мен жарыстарға дайындай білуге деген мотивация дамиды.Үйірме бағдарламасы теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұрады. Білім мен шеберлікті бағалау- ол техникалық шығармашылық пен жарыстардың көрмесі.

 

2021 жылы сәуір айының 29 күні Жас техник үйірмесінің кезекті жиналысы өтті. Жиналыс барысында үйірме жоспарының орындалу барысы талқыланды.

Өздері дайындап келген рефераттарды оқып, оларды өзара талқылап, пікірлерімен бөлісті.

Бүгінгі жиналыста сондай-ақ, «Екі пішінді салқындату жүйесі» тақырыбы бойынша салқындату жүйесіқарастырылды.

«Екі пішінді салқындату жүйесі» тақырыбы бойынша салқындату жүйесіне қатысты бар бөлшектердің суреттері көрсетіліп, сол суреттер бойынша үйірме мүшелері көрініп тұрған бөлшектерді тауып, оны жөндеу жолдары туралы, қалай жөндеу керектігін, қандай құрал-саймандар мен кілттер керектігін айтып, тапқырлық көрсетеді.

Сөйтіп үйірме мүшелері өздерінің мамандықтары бойынша теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштап, кәсіптік бағдар алуын молайтады.

Оқытушы:                      Жақпаров Е.Ш.

2021 жылы мамыр айының 20 күні «Жас техник» үйірмесінің кезекті жиналысы өтті. Жиналыс барысында үйірме жоспарының орындалу барысы талқыланды.

Өздері дайындап келген рефераттарды оқып, оларды өзара талқылап, пікірлерімен бөлісті.

Бүгінгі жиналыста сондай-ақ, «ВАЗ 2106 автомобилінің   шанағына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» тақырыбы қарастырылды.

«ВАЗ 2106 автомобилінің   шанағына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» тақырыбына қатысты бар бөлшектердің суреттері көрсетіліп, сол суреттер бойынша үйірме мүшелері көрініп тұрған бөлшектерді тауып, оны жөндеу жолдары туралы, қалай жөндеу керектігін, қандай құрал-саймандар мен кілттер керектігін айтып, тапқырлық көрсетеді.

Сөйтіп үйірме мүшелері өздерінің мамандықтары бойынша теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштап, кәсіптік бағдар алуын молайтады.

2021 жылы маусым айының 10 күні «Жас техник» үйірмесінің кезекті жиналысы өтті. Жиналыс барысында үйірме жоспарының орындалу барысы талқыланды.

Өздері дайындап келген рефераттарды оқып, оларды өзара талқылап, пікірлерімен бөлісті.

Бүгінгі отырыста сондай-ақ, «Қазақстандық автоөнеркәсіптің дамуы»

және «Техникаға енген жаңалықтар» тақырыптары бойынша қазақстандағы автоөнеркәсіпті дамыту жолдары мен техникалық жаңалықтар қарастырылды.

Бірінші сұрақ: «Қазақстандық автоөнеркәсіптің дамуы» тақырыбы бойынша Қазақстандық автоөнеркәсіптің өнімі экспорттық нарыққа шыққандығы, бұл ретте, ел ішінде сатылған әрбір екінші жаңа жеңіл көлік отандық өнім болып табылатындығы айтылды. Сондай-ақ, «2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында жалпы құны 173 млрд теңгеге 26 мың 810 көлік өндірілді, өсім 47%-ды құрады. Осы кезеңде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанға 1 мың 659 жеңіл автокөлік экспортталды» деген мәлімет келтірілді.

Екінші сұрақ: «Техникаға енген жаңалықтар» тақырыптары бойынша жаслынып шығарылған бөлшектердің суреттері көрсетіліп, сол суреттер бойынша үйірме мүшелері техникаға енгенбөлшектерді көріп, танысты.

Сөйтіп үйірме мүшелері өздерінің мамандықтары бойынша теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштап, кәсіптік бағдар алуын молайтады.

Үйірме отырысы

29.12.2021 жылы “Жас техник” үйірмесінің кезекті отырысы болып өтті.Онда газ тарату механизмінің құрылысы мен жұмысы тақырыбы бойынша келесі мәселелер қаралды:

1. Газ тарату механизмнің жұмысы мен түрлері.

2. Газ тарату  фазасының диаграммасы.

3. Газ тарату механизмнің құрылысы.

«Жас техник» үйірмесінің кезекті отырысы

02.03.2022 жыл.

Тақырыбы:

«Техникалық қызмет көрсету стансасында (ТҚС) көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру жолдары»

Жаңа ТҚС құрылысы ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі заманғы талаптарына жауап беруі тиіс. Өндірістік техникалық базаны дамыту жаңа салынған және қайта жаңартылған кәсіпорындар техникалық озық болуы және еңбек, шикізат, материалдар және энергетикалық ресурстар шығындары бойынша ғылыми негізделген нормативтерге сәйкес автомобильдерге техникалық қызмет көрсету (ТҚК) және ағымдағы жөндеу (АЖ) сапасын қамтамасыз етуі үшін жобалардағы ғылым мен техниканың жетістіктерін іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

        Осы тақырыпқа байланысты ЖҚҰ-21 тобыныі студенттері: А.Болатова мен Е.Фаиз екеуі жақын және алыс шетелдердегі ТҚС туралы баяндамалар жасады, ал студент Шаяхметов Р. ТҚС туралы бизнес-жоспармен таныстырды.