Студенттік парламент

Студенттік парламент құрамы:

“NOVATUS” студенттік Парламент ұйымының атқарған жұмыстары.

Біз, қашықтықтағы  оқуға қарамастан жұмыстар атқарып жатырмыз. Күз айларында қатарымызға жаңа студенттер қабылдадық. Онлайн режимде студенттерді қабылдау кешіне қатыстық.

Қазан айында “Волонтерлар” ұйымына қабылдандық. Қараша айында студенттер күнін атап өттік және сол мейрамға орай студенттер арасында сайыс  өткіздік. Сайыс нәтижесі бойынша “ӨҚ-21” тобы жеңіске жетіп, грамотамен марапатталды.

Сонымен қатар, қараша айында қатарымызға қабылданған бірінші курс студенттерімен жақынырақ танысу мақсатында онлайн түрде сұхбат өткіздік. Сұхбаттасу барысында студенттердің колледж, ұстаздар туралы ойларын білдік.

Желтоқсан айында Президент күнін,Тәуелсіздік күнін атап өтіп, студенттермен онлайн форматта жиын өткіздік. Жаңа жыл мерекесіне орай видео құттықтау жасап, онлайн жиын өткіздік. Сонымен қатар Парламент құрамына жаңа студенттер қабылдап, олармен жұмыс жасауды бастап кеттік.