Абай мұражайына саяхат

Студенттік ортада қолайлы психологиялық-педагогикалық микроклимат құру мақсатында 2023 жылғы 20 қыркүйекте “ӘЖ-11” тобының студенттері  үшін “Ұлы Дала” өлкетану клубымен жаңа қабылдау студенттерін бейімдеу айлығының жоспары аясында Абай әдеби – мемориалдық үй – мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия өте мазмұнды, танымдық болды, студенттер қазақ халқының ұлы данышпан туралы көптеген қызықты мәлімет алды.