Пәндер әлеміне саяхат

2023 жылғы 23 ақпанда жалпы білім беретін пәндер ПЦК онкүндігі шеңберінде колледждің 1 курс студенттері арасында «Пәндер әлеміне саяхат» тақырыбында студенттердің жалпы білім беретін пәндер бойынша білімін тексеруге арналған сайыс өткізілді. Сайысқа ӘЖ-11, ӨҚ-11, ЖҚҰ-11 БҚ-11 топтары командалары қатысты. Командалар берілген жол парағы бойынша кабинеттерде оқытушылар дайындаған тапсырмаларды орындады. ӘЖ-31 тобының студенттері командалардың жолына тосқауыл орнатып түрлі қызықты сұрақтар қойып командалардың бонустық ұпайлар жинақтауына мүмкіндік берді. Сайыс қорытындысы бойынша 1- орынды ӘЖ-11, 2 орынды БҚ-11, 3 орынды Өқ -11 иеленсе ЭҚҰ-11 тобына қатысушы сертификаты берілді. Ұйымдастырушылар сайысты ұйымдастырып, өткізуге көмек көрсеткені үшін ӘЖ-31 тобының студенттеріне және Құқық-21 тобының студенті Ұ. Слямхановаға алғыс білдіреді.