Қазақстан, сенімен мақтанамын!

19.10.22 жылы “Innovative college” мекемесінде “ЕЖА-21″тобында  «Қазақстан, сенімен мақтанамын!»тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

 Мақсаты: Студенттерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек. Қазақ елі — көп ұлтты мемлекет. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тату тәтті өмір сүріп жатыр. Бүгінде біздің облысымызға Абайдын есімін  берді.Облыс орталығы Семей қаласы. Семейіміз көркее берсін!Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Сүйікті Отанымыз – Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін!