Мен өз қаламды мақтан етемін!

2018 жылғы 16 ақпанда «Innovative College» мекемесінде облыстық тарихи – өлкетану мұражайымен бірлесе отырып жалпы білім беретін пәндер ПЦК төрайымы О.Ғ.Ешенованың ұйымдастыруымен Семей бекінісінің негізі қалануының 300 жылдығына арналған «Мен өз қаламды мақтан етемін!» тақырыбында туған қаламыз бойынша қалалық фестиваль – саяхат өткізілді. Оған қала мектептерінің оқушылары қатысты, командалар өте жоғары дайындық деңгейін көрсетті, өз қалалары бойынша жақсы білім деңгейін көрсетті, «Біздің балалық шағымыздың көшесі», «Біздің өз қаламызға сыйымыз» тақырыптарындағы үй тапсырмасын орындауға шығармашылық көзқараспен қараған. №10, 17, 20, 28, 31 мектеп оқушылары жеңімпаз атанды. Жарайсыңдар!