Құқықтанушы

14.12.2021жылы Сағидолла А.С-ның жетекшілігімен «Жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу» «Студенттердің пиротехникалық құралдарды қолданбау»тақырыбында «Құқықтанушы»үйірмесінің ашық отырысы өтті. отырыста Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін не?Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін не істеу керек?сұрақтар бойынша Әуезов полиция бөлімінен кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауының алдын алу бойынша полициясының  инспектры Аға летейнант Сагитова Алтынай Ануарбековнамен онлайн байланысқа шығу арқылы жүргізілді. «Құқықтану»үйірмесінің мақсаты:оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісіне керек екендігін ұғындыру,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,оқушылардың ой-өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,сөздік қорын молайту,оқушылардың бойына құқықтық патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңірү.

 

11.12.2021ж Нұр-Сұлтан қаласынан құқықтық кеңес беру құрылтайшысы,Байхадулин Д.Б. “Innovative college”мекемесінің шақырылуымен «Құқықтану»үйірме мүшелері мен «Әлеуметтік жұмыс»мамандықтары студенттері арасында өткен «Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның әлеуметтік-құқықтық дамуы»тақырыбында дөңгелек ұстелге қатысты. «Құқықтанушы» үйірмесінің мүшелері: Серікқалиева Аяулым  Сәкенова Мерует Миллатова Карина Тұнгатарова Азиза Тастиміров Нұрадин қатысып сертификаттар алды

 Мақсаты: 1. Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
2. Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
3.Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

16.03.2022жылы “Innovative college”мекемесінде «Құқықтанушы»үйірмесінің мүшелері,үйірме жетекшісі Сағидолла А.С-ның жетекшілігі мен«Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»атты1-4курыс студентері арасында ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында колледжішілік жарыс өткізілді.Барлық топтар бесікке салу,тұсау кесер,тоқым қағу,сырға салу,қыз узату,келін түсіру т.б салыт дәстүрлерді көрсетті.

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстурін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. 

Отанын, елін, жерін, ұлттық салт – дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу. 
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 

«Құқықтанушы» үйірмесінің 2022 -2023 оқу жылындағы алғашқы отырысы
23.09.2022ж. күні құқы пәндерінің оқытушысы үйірме жетекшісі Л.Б.Сарсенбаеваның бастамасымен, 2022 -2023 оқу жылы бойынша «Құқықтанушы» үйірмесінің алғашқы отырысы өткізілді. Отырыста үйірме жұмысының мақсатымен, жоспарымен таныстыру, үйірменің жаңа мүшелерін анықтау, биылғы оқу жылында жасалатын жұмыстарды қарастыру сиқты мәселелер талданды.

«Өз құқығыңды қорғай біл!»
28.10.2022ж. колледжімізде «Құқықтанушы» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен, үйірме отырысы өткізілді. Отырыстың мақсаты: оқушыларға құқықтық тәрбие беру, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Студенттер өздеріне құқық туралы жаңа мәліметтер алды.

Психологиялық тренинг «Жағымды қарым қатынас орнату»
18.11.2022ж. колледжіміздің психологы Ильясова Бахыт Тәттібекқызы «Құқықтанушы» үйірмесі мүшелерімен психологиялық тренинг өткізді.Тренгингті өткізудің мақсаты: студенттердің айналадағы ортамен үйлесімді қарым –қатынас жасауға және де өзара жағымды қарым –қатынасты арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.