Аталарымыздың ізімен …

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған іс – шаралар аясында халқымыздың даңқты өткенін құрметтеуге тәрбиелеу, I курс топтары арасында азаматтық пен патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында тарихи-танымдық ойын өтті. Студенттер Ұлы Отан соғысының тарихы туралы өз білімдерін көрсетті, соғысқа қатысушы арғы аталары туралы айтып, соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.