Викториналық ойын

14.12.2022ж. «Innovative college» мекемесінде «Құқықтық – техникалық пәндер» бірлестігі комиссиясының онкүндігіне байланысты «Жол қозғалысы ережесін сақтау – өмір кепілі» атты викториналық ойын өтті.

Викториналық ойынға ЖҚҰ-21 және ЖҚҰ-41 топтары қатысты. Ойын барысында ЖҚҰ-21 тобының оқушылары топтарға бөлініп сайысты. Сайыс өз деңгейінде қызықты өтті. Сайыс барысынды оқушылар жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша көптеген ақпараттарға қанығып, хабардар болды.