Психологиялық тренинг өткізілді

“Гуманитарлық техникалық ПЦК” онкүндігінің жоспарына сәйкес, 07.12.2022ж 1-курс Өқ-11,Жқұ-11 студенттері арасында “Жетістікке жету өз қолында” атты тренинг өтті.
Мақсаты: Студенттердің өзін-өзі анықтай алуына,алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.
Студенттер өтілген жаттығулардан алған әсерлері мен бөлісіп,өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып отырды. Тренинг барысында оқушылар өз алдарына қойған мақсаттарымен бөлісіп,соған жету жолында еңбектену керек екендігін түсінді.