Жаңалықтар

Тәрбие сағаты

01.09.22 жылы “Innovative college” мекемесінде “ЕЖА-21″тобында  «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық!»тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

 Мақсаты: Еңбек – адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Студенттердің  білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру.

          Студенттер еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді, бір – біріне қолдау көрсетуді үйренеді, болашақ білімде екенін түсінеді. Еңбек- тәрбиелейді, – жігерлендіреді, – күш береді, – қуантады, – бақытты етеді, – өмір сүруге үйретеді, – үнемшіл болуға үйретеді, – ширатады, – шынықтырады. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әр уақытта да қымбат. 

          Студенттер ойын тындай отырып, тәрбие сағатын қорыта келе, «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» дегендей зор үміт сендерге артылады.   «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап» -деп  Абай атамыз айтқандай өздерін алған білімдеріңді шындап, Отанымызға адал еңбек етеді деп сенемін!