Жаңалықтар

«Орман – біздің байлығымыз!»

      «Ұлы дала» өлкетану үйірмесінің бастамасымен «Innovative college» мекемесінің оқытушылары мен студенттері «Семей орманы» мемлекеттік орман қорығы аумағына екінші жыл барып отыр. 2022 жылдың 20 сәуірінде «Саябақтар маршы – 2022» халықаралық экологиялық акциясы аясында өткізілген «Ұлттық орман отырғызу күні» жалпықазақстандық экологиялық акциясына белсене қатыстық. Бұл – Ертіс өңірінің көркі – ленталы орманды сақтаудағы ұлы ісімізге қосқан азғантай үлесіміз. Студенттер Жаңасемей филиалының Подгородный орман шаруашылығының аумағына қарағай көшеттерін отырғызды, акцияға қатысушылардың барлығы үлкен эмоционалдық қуат алды.