Жаңалықтар

«Шығыс Қазақстанның киелі орындары» презентациялар байқауы

2022 жылғы 11 наурызда қоғамдық пәндер оқытушылары  Ғылымбай А.М. және  Ешенова О.Г.  кәсіптік бағдар беру іс- шаралары шеңберінде Семей қаласы мектептері оқушылары арасында «Шығыс Қазақстанның киелі орындары» тақырыбынла презентациялар байқауын өткізді. Байқауға 7 команда қатысты, құрылымы, безендірілуі бойынша үлкен қызығушылық тудыратын жұмыстар ұсынылды және оқушылар жоғары техникалық орындау шеберлігін көрсетті. Байқау жұмыстарын бағалаған қазылар алқасы құрамында Семей қаласындағы облыстық тарихи- өлкетану мұражайының жоғары санатты маманы Кусаинов М.С., Семей көп салалы колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Смагулова Ш.С., «Innovative college» мекемесінің информатика пәнінің оқытушысы Байсеитова Д.К. оқушылар жұмыстарын бағалады. Байқау нәтижесі: I орын – Такеева А., Такеева Б., №30 ЖОМ, II орын – Сырым Т., Керімханова А., Кусайынова А., №30 ЖОМ, III орын – Ботабаева Д. №17 ЖОМ. Жеңімпаздар дипломмен марапатталды, қатысушылар қатысушы сертификатын алды.