Жаңалықтар

«Ұлт көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы» атты сайыс өтті

23.02.2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында колледждегі «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні күні өтті. «Сөз көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы» атты сайыс ұйымдастырылып, ережеге сай 1-2 курс студенттері ұлт ұстазының шығармашылығынан жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Үміткерлердің өнерін бағалауда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Касимова, география пәні оқытушысы О.Г.Ешенова, қазақстан тарихы пәні оқытушысы А.М.Ғылымбай қазылық етті. Сайысқа қатысушыларды бағалауда қазылар алқасы келесі талаптарды ұстанды: сахна әдебін сақтауы, киім үлгісі, тақырып таңдаудағы ой тереңдігі, шығарма мәтінін жатқа білуі, сөйлеу тілінің тазалығы. Сайыс нәтижесінде 1- орынды ЖҚҰ-13  тобының студенті Сламқанова Ұ., 2-орынды ӘЖ-23 тобының студенті Жагипарова А. және ЖҚҰ-11 тобының студенті Шарипханова А., 3-орынды ӘЖ-23 тобының студенті Төкенова А. және ЖҚҰ-13 тобының студенті Қинаш М. өзара бөлісті.