Жаңалықтар

Кездесу

«Innovative Сollege» мекемесінде 2021-2022 оқу жылында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 17.02.2022 күні колледждің 1 -2 курс студенттеріне  Әуезов полиция бөлімінің ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты Сагитова Алтынай Ануарбековна жиналыс өткізді. Жиналыста кәмелет жасқа толмағандар арасында жиі орын алатын құқық бұзушылыққа байланысты заңдарға тоқталып, атап айтқанда түнгі уақыттарда жүру, алькогольдік, темекі, вайп  бұйымдарын қолдану, және т.б құқық бұзушылықтарға тоқталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.