Халқаралық диалог алаңы өткізіліді

2021 жылғы 26 қарашада қоғамдық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Семей қаласы «Innovative college» мекемесі негізінде Қазақстан Республикасының 30 – жылдығына арналған «Бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ЕврАзЕС шеңберінде кірігуі» тақырыбындағы халқаралық диалог алаңы өткізілді.Диалог алаңы жұмысының мақсаты: өңірлерді мысалға ала отырып КСРО тарағаннан кейінгі кірігу процесстеріне талдау жасау, тәуелсіздік жылдары ішіндегі саяси, экономикалық, мәдени, спорттық жетістіктердің деңгейін анықтау.

Диалог алаңының ұйымдастырушылары «Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы» КММ және «Innovativecollege» мекемесі. Халқаралық диалог алаңы жұмысына келесі оқу орындары қатысты:

  1. Ош технологиялық университетінің Б.М.Мурзубраимов атындағы халқаралық Үзген технология және білім беру институты, Қыргызстан.
  2. «Алтай мемлекеттік университеті» Федералдық Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің колледжі,.Барнаул қ., Ресей Федерациясы.
  3. Ж.Баласагын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің кәсіптік колледжі , Бішкек қ., Кыргызстан.
  4. «Innovativecollege» мекемесі, Семей қ., Қазақстан.

       Диалог алаңына қатысушыларға «Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы» КММ директорының орынбасары З.Ш.Утепова және «Innovative college» мекемесінің директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент К.Т.Уразбаева құттықтау сөз сөйлеп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

       Білім берудің даму болашағы туралы мазмұнды қызықты диалог орнады, өңірлердің экономикалық және мәдени дамуы, жемісті, ынтымақтастықты жұмыс жасау мәселелері қарастырыылды. Барлық алаң жұмысына қатысушылар Алғыс хаттар мен сертификаттар алды.