Жаңалықтар

Түлек-2021

Биылғы 2020-2021 оқу жылында колледжімізді «Әлеуметтік жұмыс», «Есеп және аудит»,  «Құықтану», «Өрт қауіпсіздігі» «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» «Есептеу техникалары », «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандықтары бойынша 94 түлек түлеп ұшты.

28.06.2021 күні колледжімізде әр топтарға жеке-жеке салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі болып, шағын, көңілді кеш өтті.  Колледж директоры физика- математика ғылымдарының кандидаты, доцент Уразбаева Күміс Төлеубекқызы түлектерге құттықтау сөзін айтып, жылы лебізін білдірді. Түлектер тарапынан рахметтерін айтып, колледж  қабырғасында оқу барысындағы қызықты сәттерінен видеороликтерін көрсетті.

Құрметті түлектер ертеңгі күннің белсенді, білімді де білікті маманы болады деген үміттеміз.

Егемен елдің ертеңін айқын етер жолда талмас қанат, қайтпас жігер, биік белес тілейміз.

Ақ жол, сәт сапар!