Жаңалықтар

«Жастар Алаңы» кабинетінің ашылуы

25.06.2021ж. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы және «Саналы ұрпақ» жобасы негізінде колледжімізде «Жастар Алаңы» кабинетінің ашылуы болып өтті.

Кабинетті ашудағы мақсатымыз: 

  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
  • Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасын жастар арасында дәріптеу және оның іске асуын жүзеге асыру;
  • Колледж студент жастарын ашық алаңға шақыру арқылы өздігінен білім алуға талпындыру, колледждің қоғамдық өміріне белсене ат салуға шақыру;
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойын атап өту, жастарға патриоттық тәрбие бере отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, салиқалы, саналы жастар тәрбиелеу.

Кабинеттің лентасын қию рәсімін және құттықтау сөз Қалалық  «Рухани жаңғыру» жобалық орталығының бас менеджері, Семей қаласы білім бөлімінің әдіскері Абдухамитов Айдар Абдіхатұлы мен колледжіміздің  директоры, физика, математика ғылымдарының кандидаты, доцент Уразбаева Күміс Төлеубекқызына берілді.

Қазақ Инновациялық Гуманитарлық Заң университетінің Жастармен ұйымдастыру- әдістемелік жұмыстар департаментінің басшысы Смагулов Диас Ернурович өз құттықтауын білдіре отырып, алдағы уақытта колледж студенттерімен тығыз жұмыс жасайтындығын және Жастар Алаңы кабинетіне кітаптар сыйлады.

Бүгінгі Жастар Алаңы кабинетінің ашылу салтанатына колледжіміздің 2021 жылғы түлегі, оқу озаты, студенттік парламент басшысы Серікқанова Аружан өз ізгі тілегін білдіріп, ризашылығын айтты.

Әміре Қашаубаев атындағы қалалық филармонияның әншісі  Бақытжан Түктібаев әнімен жалғастырып, қызықты, салиқалы  шараның мазмұнын ашты.