«Жас сарбаз» үйірмесінің отырысы

18.05.2021ж    «Innovative college» мекемесінде  Жас сарбаз» әскери- патриоттық клубының жылдық жоспары негізінде Алғашқы әскери және технологиялық дайындық  пәні бойынша «Жас сарбаз» әскери патриоттық үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен «Калашников қаруының дайындалу тарихы, оның конструкторы Михаил Калашников  туралы .Калашников автоматын жартылай бөлшектеу жəне жинақтау» тақырыбында сыныптан тыс сабақ  өткізілді.

Сыныптан тыс сабағымыздың мақсаты: Жас ұрпақты  Отанын, елін, жерін, халқын сүюге, Отан қорғау –басты патриоттық міндет екенін түсіндіру, туған жеріне, мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Калашников автоматын жартылай бөлшектеп шашып жинаудың ретін түсіндіру, білдіру, меңгерту. 

Білімділік: Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және кұрастыру ретін; Калашников автоматының қолданылуын, оның бөлектері мен механиздері мағлұматтар беру, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгеру, білдіру. Автоматты толық емес бөлектеу мен жинақтауды үйрету және оған қабілеттілігін арттыру,дамыту.

 

Тәрбиелік: Калашников автоматының қолданылуы, оның бөлшектері, механизмдерін таныстыру; Калашников автоматының жартылай бөлшектеу мен құрастыруды орындау тәжирибелік дағдырларын дамыту; жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсету сезіміне тәрбиелеу.

Үйірме жетекшісі : Әбішев Ержан Жарылғасынұлы.