Жаңалықтар

Алдын ала диплом жұмысын қорғау

14 мамыр 2021 жылы 1304000 «Есептеу техникалары және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша бітіруші топтардың дипломдық жұмыстарын қорғауға дейінгі отырысы болып өтті. Дипломдық жұмысты қорғауға дейінгі отырысқа колледж директоры  Уразбаева К.Т., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Ауесова К.К., дипломдық жұмыс жетекшісі, арнайы пәндер оқытушылары Упинов А.Н., Жакпаров Е.Ч., Мусинов К.Т., Муратканова А.Е.қатысты.   Алдын ала қорғау – диплом қорғау алдындағы басты дайындық.  Ең бастысы, алдын ала қорғау барысында мамандық бойынша өз біліміңді тексеріп, алатын болжалды бағаңды білуге үлкен мүмкіндік аласың.