Орман біздің байлығымыз!

2021 жылғы 29 сәуірде «Туған жер» өлкетану үйірмесінің кеңейтілген отырысы қарағай орманында өткізілді. Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының жүзеге асырылуы шеңберінде «Innovative college»  мекемесінің оқытушылары мен студенттері  «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Семей филиалының қала шетіндегі орман шаруашылығы аумағында кәдуелгі қарағай көшеттерін отырғызуға қатысты.  Резерват мамандарымен, ғылым, ақпарат, экология, ағарту және мониторинг бөлімінің бастығы А.А.Муртазинамен бірлесе отырып біз бос алаңқайларға қарағай отырғыздық. Бұл біздің Ертіс өңіріне сән беріп тұрған қарағай орманын сақтауға қосқан шағын үлесіміз болды. Орман – бұл әдемі табиғат, таза ауа, біз көптеген оң әсер алдық! Орман адам үшін қажетті көптеген қызметтер атқарады, оны сақтай білейік! #қайырымдыістермарафоны,#марафондобрыхдел

Өлкетану үйірмесінің жетекшісі Ешенова О.Г.