№1 емхана мамандарымен кездесу

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және  қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жастар арасында өмірге деген көзқарасты жақсарту мақсатында колледж студенттері арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулығы туралы», «Өмір деген тамаша!» тақырыбында ZOOM бағдарламасында кездесу өткізілді. Кездесуге қаламыздың №1 емханасының дәрігері – Касимова Мая Каметаевна, акшер- гинекологы- Жумажанова Айзат Сакеновна,  психолог Куанышева Аяулым Куанышкызыөткізді.

Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз  балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын-алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Психолог студенттер арасында ашық алаң ұйымдастырып, сұхбат өткізді. Сұхбат барысында колледж студенттерінің өмірге деген көзқарастары жоғары, өмір құндылықтарын бағалайтындығы аңғарылды.