Жаңалықтар

«Құқық-32» тобында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру бойынша өткізілген конференция есебі

19.04.2021ж.,«Құқық – 32» тобында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру бойынша конференция өткізілді.

          Өндірістік тәжірибе тәжірибелік қызмет іскерліктері мен дағдыларына ие болу, студенттердің оқу барысында алған білімдерін бекіту, озық тәжірибені үйрену мақсатында өткізіледі

           Тәжірибе мерзімінің ұзақтығы 288 сағат (8 апта).

           Тәжірибе барысында студенттер заңгер-кеңесші лауазымы қызметімен танысып, оның қызметтік міндеттерін орындайды немесе тәжірибе объектсінің штаттағы қызметкерінің (тікелей басшысының) басшылығымен стажер (дублер) болып қызмет атқарады.

         Тәжірибе аяқталғаннан кейін студент  атқарылған жұмыстары туралы есеп құрастырады, ол студенттің осы кезең ішіндегі қызметін сипаттайтын негізгі құжат болып табылады. Есепте тәжірибеден өту орыны мен мерзімі, тәжірибе тараулары мен тақырыптары бойынша атқарылған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, атқарылған іс- шараларға тікелей өзінің қатысуы және қосымша берілетін құжаттардың дайындалу барысы туралы мәліметтер көрсетіледі.

          Өндірістік тәжірибе жетекшісі: Дюсенбекова А.К.