Жаңалықтар

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында қашықтықтан өткен қалалық студенттер арасындағы дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Innovative college» мекемесінде қалалық колледж студенттері арасында қашықтықтан Zoom платформамен «Шағын кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қаламыздағы «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК, Р.Байсейітов атындағы Қаржы-экономикалық колледжі,  М.О.Әуезов атындағы Педагогикалық колледж, Семей көпсалалы колледжі,  Гуманитарлы экономикалық колледжі,  КМҚК «Колледж Радиотехника және байланыс» колледждарының студенттері қатысып, ауқымды мәселелерді көтеріп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қоса жеке кәсіпкерлер қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, өз тәжірибесімен бөлісті. Дөңгелек үстел соңында қорытынды шығарылып, барлық белсенді қатысушыларға колледждің алғыс хатымен марапатталды.