Жаңалықтар

«Ерте жүктілік » тақырыбында өткізілген сұхбаттасу –тәрбие сағаты

15.03.2021күні “Өрт қауіпсіздігі-32” тобында  топтағы қыздармен “Ерте жүктілік” тақырыбында топ сағаты өтті. Бір қарағанда ерте жүктілік қазіргі қоғамда кездеспейтіндей болып көрінеді, себебі жасөспірімдер білімді саналы, әрі жүктілікті болдырмау контрацепциясы кез-келген дәріханада сатылады. Алайда, іс жүзінде ерте жүктілік жиі кездеседі, сондай-ақ жасырын түрде, яғни ерте жүктілік туралы ата аналарынан, туыстарынан жасырады. Қазіргі таңда бұл мәселе белең алып бара жатқандықтан, топта білім алып жатқан қыздармен осы тақырыпта ашық әңгіме жүргізген дұрыс. Олардың қандай жағдай болмасын жандарынан табылып, көмек бере алатын, ақыл айта алатын жанашыр адамы бар екенін сезінулері керек.