Жаңалықтар

«Право-12» тобындағы дүние жүзілік тарихынан онлайн сабақ

02.04.2021 жылы «Право-12» тобында дүние жүзілік тарихтан онлайн сабақ өтті. Студенттермен бірге қоғамдық және саяси ойлардың дамуын қорытындыладық. Студенттер тарихи оқиғаларды түсіндіруге, әлемдегі елдер мен аймақтардағы азаматтық құқықтар үшін күрестегі жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығын бағалауға тырысты. Жеке тұлғаның мемлекет тарихындағы рөлі туралы тұжырымдар жасады: Ф.Рузвельт, Шарль де Голль, Мұстафа Кемал Ататүрік, Дэн Сяопин, Ли Куан Ю, Махатхир Мұхаммед. Оқытушы Ешенова О.Г.