Жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар

«Innovative Сollege» мекемесінде Наурыз мерекесін атап өтуде бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда барлық топтарда онлайн және офлайн түрде «Наурыз –жыл басы!», «Қош келдің Наурыз!» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.

Сонымен қоса колледжімізде колледжішілік «Наурыз Аруы-2021» онлайн сайысы өтті. Сайыстың мақсаты:

  • Рухани Жаңғыру бағдарламасына орай ұлттық рухты көтеру ;
  • Елбасымыздың «Ұлы даланың – жеті қыры» жолдауына сүйене отырып, қатысушыларды елінің мұрасын, салт-дәстүрін қастерлеп өсуге тәрбиелеу;
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында өткізу;
  • Оқушылардың шығармашылық деңгейін қалыптастыру;
  • Ұйымдастырушылық қабілетті жетілдіру;
  • Студенттердің өнерінің бір қырынан таныту;
  • Өнерлі, дарынды студенттерге қолдау көрсету.

Сайыс келесі кезеңдерден тұрды:

  • Кезең «Мен қазақтың қызымын» (Өзін – өзі және өнерімен таныстырады). Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі және өзінің шығармасымен таныстырды. Бұнда аруларымыз тіл көркемдігі және сырт сымбаты, өнерімен сынға түсті. Аруларымыз МР4 форматындағы ұзақтығы 2 мин аспайтын бейне материал дайындады.
  • Кезең «Ас адамның арқауы» -қазақ халқының тағамдары мен ұлттық дәмдерден ас әзірлеу. Аталған кезеңде аруларымыз ұзақтығы 1 мин 50 сек аспайтын МР4 форматта аз мәзірінің тарихын, дайындалу жолдарын түсіндіре отырып бейне материал дайындап, жолдады.

Сайыс барысында 1 және 2 курстан 8 қатысушы қатысып, келесідей қорытынды шығарылды:

Бас жүлде “Наурыз Аруы-2021” Сәкенова Меруерт

басқа барлық қатысушы аруларымыз номинациялармен марапатталады:

Оспанова Жаннұр- “Сүйкімді Ару”

Серікканова Жұлдыз – “Өнерлі Ару”

Артемьева Арина – “Шебер Ару”

Ержанқызы Алуа – “Инабатты Ару”

Базылахмет Жансая – “Көрікті Ару”

Тортаева Камила – “Сымбатты Ару”

Кеңесова Арайлым – “Зерделі Ару”