Жаңалықтар

“Соғыс жылдарының өлеңдері мен әндері” тақырыбында орыс әдебиетінен сыныптан тыс іс-шара

“Innovative college” мекемесінде “Соғыс жылдарының өлеңдері мен әндері” тақырыбында орыс әдебиетінен сыныптан тыс іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты мен міндеттері :

1.Соғыс жылдарындағы өлеңдер мен әндерді зерттеу арқылы тарихи өткенге деген қызығушылықты дамыту.

2.Әскери және соғыстан кейінгі кезеңдегі ақындардың лирикалық және ән шығармаларымен, әндердің шығу тарихы мен таныстыру.

3.Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға және аман қалған ардагерлерге, соғыс жылдарындағы қиыншылықтарға төтеп берген аға буын адамдарына патриоттық, азаматтық парыз сезімін, алғыс сезімін тәрбиелеу.

Іс-шараға 1 курс студенттері қатысты.  Сценарийге: ақындардың өлеңдері, “Катюша”, “Жеңіс күні”, “үш танкист”және т.б. әндер енгізілді.

Студенттер мотивацияның жоғары деңгейін, өз ойлары мен сезімдерін эмоционалды түрде білдіруге деген ұмтылысын көрсетті.    Іс-шара барысында жақсы, достық жағдай орнады.

Сыныптан тыс іс-шара ешкімді бей-жайқалдырмады.Іс – шараны өткізу-белсенділік, іс-шараға қызығушылық танытқан студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етті.

                                                                                            

                                                                                      Оқытушы : Токбулатова А.Б