Жаңалықтар

“Ұрпаққа сара жолын салған дана” атты тақырыптағы мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған облыстық қашықтық Абай оқулары

ШҚО “Кәсіптік білім беру орталығы” КММ, “Innovative college”  мекемесі ұйымдастырған “Ұрпаққа сара жолын салған дана” атты тақырыптағы мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған облыстық қашықтық Абай оқулары өз мәресіне жетті. Байқауға облыс мектептерінде білім алып жатқан жас талант иелері қатысты. Жас өрендердің өнерін бағалауда білікті мамандар қазылық етті. Қазылар алқасының төрағасы:    облыстық қазақ тілі пәндер бірлестігінің мүшесі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Нурпеисова Еркеш Болатбекқызы        .

Қазылар алқасының мүшесі:  Абай атындағы Жидебай-Бөрілі мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері Арай Талғатқызы

Қазылар алқасының мүшесі: «Innovative college» мекемесінің оқытушысы, Ғылымбай Абзал Мансұрұлы.

Қазылар алқасы жас дарындардың өнерін бағалап, байқаудың нәтижесін шығарды.

1-орын «Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің оқушысы  Калелова Нұрсәуле, жетекшісі Бидавлетова Гульмира Жумагалиевна;

2-орын «Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицей» КММ-нің оқушысы Серікқызы Ақгүл, жетекшісі Кабыланбекова Жулдуз Адилгазыевна;

3-орын «Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицей» КММ-нің оқушысы Тұрсынова  Нұрайым, жетекшісі Кабыланбекова Жулдуз Адилгазыевна;

«Көрермендер көзайымы» номинациясын Семей қаласындағы «№49 ЖОББМ» КММ-нің оқушысы Ракымжан Сара, жетекшісі Шоқбарова Меруерт Қазиханқызы;

«Көркем сөз оқу шебері» номинациясын «Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицей» КММ-нің оқушысы Серікқызы Аққу, жетекшісі Кабыланбекова Жулдуз Адилгазыевна иеленді. Құттықтаймыз!