Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған информатика пәнінен «Graphic design» облыстық қашықтық олимпиада

Олимпиада «INNOVATIVE COLLEGE» мекемесі, қаржы-экономикалық және техникалық ПЦК оқытушылары: Жеңісбекова А.Т., Мұратқанова А.Е. басшылығымен ұйымдастырылды.

Осы олимпиадаға әділ баға беретін Әділқазылар мүшелері:

  1. Семей қаласы, «Innovative college» мекемесінің оқытушысы – Мусинов Қуантай Төлеуғалиұлы.
  2. Семей қаласы, «Innovative college» мекемесінің оқытушысы –Мұратқанова Әмина Ерзатқызы.
  3. Семей қаласы, «Innovative college» мекемесінің оқытушысы – Жеңісбекова Айдана Талғатқызы.

Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрады:

                1 кезең –  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Corel Draw бағдарламасында эмблема жасайды. (шығармалар 15.12.2020 дейін қабылданады)

1 кезеңнен өткендер 2 кезеңге жолдама алды. Бірінші кезең сырттай 18.12.2020ж.  өткізілді.

Эмблемаға қойылатын талаптар:

  1. Жұмыстың графикалық үлгілермен сәйкестігі – 10 балл.
  2. Орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың сақталуы-10 балл.

   Бірінші кезең бойынша ең көп ұпай жинаған студенттер екінші кезеңге жолданды.  Бірінші кезеннің қорытындысы электрондық мекен-жайларыңызға жіберілді. Сол қорытынды бойынша 10 студент 2 кезеңге өтті.

     2 кезең: Тест тапсырмалары. Қатысушы көрсетілген жеке логин мен пароль арқылы e-journal.kz сайтқа кіріп, тест тапсырды. Тестке бөлінген уақыт – 30 минут.  Тесттен өту мерзімі 21.12.2020 жыл.

 Байқау жалпы жоғары деңгейде өтті. 1-орын. Усть-Каменогорский высший политехнический колледж студенті Иванов Сергей. 2 – орын Семей қ. Геологиялық барлау колледжі, Абдуғали Толғанай Ермекқызы. 3-орын ЧУ «Электронный колледж имени Жакии Чайжунусова» Ментаева Корлан Шынгысовна.  Орын алған студенттерге ШҚО кәсіптік білім беру орталығының мадақтамасымен марапатталды. Әр қатысушыға «Innovative сollеge» мекемесінің сертификаты берілді. Сертификат  PDF форматында өтінімде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жіберілді.