«Innovative college» мекемесінде 1 курстар арасында өткізілген жиналыс

Жиналыстың мақсаты: студенттердің   құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 21.10.2020ж. күні Әуезов полиция бөлімінің ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Сагитова Алтынай Ануарбековнамен колледждің 1 курс студенттерімен ZOOM платформасында «Кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында онлайн жиналыс  өтті. Кәмелет жасқа толмағандар арасында жиі орын алатын құқық бұзушылыққа байланысты заңдарға тоқталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

               Колледж бен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.