Без рубрики

Ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіілді

20.10.2020ж. Шығыс Қазақстан облысы, техникалық және кәсіптік  білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Қазіргі қоғамның  құқықтық және экономикалық аспектілерінің   нәтижелі даму тетіктері» тақырыбында ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған  халықаралық қатысуымен  (РФ және ҚР) қашықтықтан өткізілген облыстық ғылыми- тәжірибелік конференция болып өтті.

       Ұйымдастырушылар: «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ және Семей қаласы ««Innovative college» мекемесі                                

          Конференцияда келесі секциялар бойынша құқықтық және экономикалық сипаттағы өзекті мәселелер қарастырылды:

№1 «Адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және оларға кепілдік берудің мемлекеттік-құқықтық тетіктері» (секция сарапшысы Нұр-Сұлтан қаласының құқықтық кеңесшілер палатасының құрылтайшысы, «VETO» құқықтық орталығының жетекші заңгері  Байхадулин Дамир Болатович );

        №2 «Экономикалық саясаттың жаңа бағыты: азаматтардың экономикалық игіліктерге құқығын қамтамасыз ету» (секция сарапшысы PhD доктор, ҚазИГЗУ жанындағы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры Молдажанов Марат Битембаевич).

       Облыстық конференция жұмысына 60 студент қатысты, оның ішінде -11  Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасынан қатысушылар.

          Сарапшылар келесі жұмыстарды атап өтті:

1.Корнилов К.В. Алтай өлкесі экономикасының даму ерекшеліктері және даму перспективалары. Ғылыми жетекшісі: Толмачева Е. М. экономика ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік университеті колледжінің оқытушысы, Россия,  Барнаул қ.

2.Маматысакова Э.Т. Өңірдің инвестициялық ахуалын бағалауға тәуекелдік көзқарас. Ғылыми жетекшісі: Наджиева Г.Ж. Аспирант, Ош ТУ Халқаралық Узген технология және білім беру институтының аға оқытушысы. Қырғыз Республикасы, Узген қ.

3.Жаканова А.С. Шығыс Қазақстандағы ауыл туризмі. Ғылыми жетекшісі:Ұспанова Ж.Т., Қазақстан Республикасы Семей қаласы «Семей көп салалы колледжі» мекемесінің экономикалық пәндер оқытушысы.

4.Макенов Е.Р. Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі Ғылыми жетекшісі: Акумбаева Г.И. Қазақстан Республикасы Өскемен қаласы «Өскемен экономика және қаржы колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоғары санатты информатика және арнайы пәндер оқытушысы

  1. Касымбекова А.К. Мемлекеттік-құқықтық тетіктер: адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері және жүзеге асырылуы. Ғылыми жетекшісі: Мамырканова Г.С. «М.Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті», «экономика және сервис колледжі» мекемесінің құқықтық пәндер оқытушысы, Қырғыз Республикасы.
  2. Тюлюпина О. Алтай өлкесі тұрғындарының қаржылық мінез-құлқын демографиялық талдау Ғылыми жетекшісі: Соловьева Ю. В. экономикалық пәндер оқытушысы, “Алтай қонақжайлылық академиясы”, Ресей Федерациясы, Барнаул қаласы

          Барлық конференцияға қатысушылар «ШҚО кәсіптік ББ орталығы» КММ және «Innovative college» мекемесі атынан сертификаттармен марапатталды.