”Әлемдегі ағылшын тілінің рөлі”

20.02.2020ж күні «Innovative College» мекемесінде жалпы білім беретін пәндер онкүндігі аясында ағылшын тілі мұғалімдері Б.А. Матенова және К.С. Омарбаевтың ұйымдастыруымен ”Әлемдегі ағылшын тілінің рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің SKASS факультетінің деканы      G.T. Bakyaraj,
экономика ғылымдарының кандидаты Е.Т.Байлдинов және шетел филологиясы факультетінің 3 курс студенттері Ескалмасова Айгерім Серікқалиев Бекжан, сондай-ақ  «Зияткерлік» білім беру орталығының жетекшісі А.Е. Кусманованың қатысуымен  кездесу өткізді.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы заманауи мәселелерді қозғап, әлемдегі ағылшын тілінің маңызы мен рөлін айқындап берді. Жастардың тілге деген қызығушылығын арттырып, шетелдік қонақтармен сұрақ-жауап өтті. Студенттер шетелдік қонақтардың тіл ұстартуына үлкен қызығушылықпен қарап, ағылшын тілінің нақышына тәнті болды. 1 курс студенті Ислямов Сабыржанның ағылшын тіліне деген ынтасы қонақтар тарапынан үлкен ықыласқа ие болды. Студенттер маңызы зор, ауқымды тақырыпты талқылауға белсенді және үлкен қызығушылықпен қатысты. Ағылшын тілін үйренуге қатысты сұрақтар қойылды. Шара аяғында студенттер өздері туралы айтып шетел қонағына өз өмір баяны туралы айтып беруді өтінді. Келген қонақтар  студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін жақсы деңгейде деп  бағалап, болашақта халықаралық қатынас тілін жоғары деңгейге дейін меңгеруге сәттілік тіледі.