Жаңалықтар

Абай-дана, Абай-дара қазақта

19.02.2020 күні ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай “Innovative College”мекемесінде мектеп оқушылары арасында қалалық Абай оқулары өтті. Байқаудың ерекшелігі 2 жас санаты, яғни 7-10 жас және 11-17 жас санаты бойынша жас дарын иелері қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Жалпы қала бойынша 10 мектептен 50ден астам бала қатысуға үміт білдіріп, “Абай-дана, Абай-дара қазақта!” атты тақырыпта эссе жолдады. Эссе қорытындысы бойынша 31 бала іріктеуден өтіп, сахнада Абай шығармаларын оқып, ұлы ақынға жүрекжарды арнауларын арнады.
Нәтижесінде 7-10 жас санаты бойынша “бас жүлде” 47 ЖОББМ оқушысы Ниязбек Әдемі иеленсе, 11-17 жас санаты бойынша байқаудың бас жүлдесін 39 ЖОББМ оқушысы Серікқали Айдана еншіледі.
Байқауға барлық үміткерлер жоғары деңгейде дайындыкпен келіп қатысты. Байқауды ұйымдастырушы: А.С.Макаева