Жаңалықтар

Жаңа жылдық кеш

24 желтоқсанда “Innovative College” мекемесінің студенттеріне Семей қаласындағы “Millennium night Club” жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға колледждің барлық білім алушылары қатысты. Жиылғандарды санаулы күндерден соң төрімізге енетін жаңа 2020 жылмен колледж әкімшілігі құттықтады. Құттықтау сөзден кейін шара колледж өнерпаздары дайындаған концертке ұласты. Студенттердің дайындаған өнерлері, түрлі қызықты ойындар мен сайыстарын кештің басты кейіпкері Аяз ата мен Ақшақар бағалап, сыйлықтарын таратты. Аталмыш кеш те арнайы студенттерге арналған Лоторея ұйымдастырылды. 
Мерекелік шара әдемі би кешімен өз жалғасын тапты.