Жаңалықтар

Голливудтық стилде студенттер құрамына қабылдау

15.10.2019 күні Абай атындағы драма театрында ” Голливудтық стилде студенттер құрамына қабылдау” кеші өтті. 1курс студенттері өз мамандықтарын ашатын фильмнен үзінді көрсетті. ТОР -12 тобы өз мамандықтарын “Форсаж” киносы желісімен таныстырып, жақсы өнер көрсеткені үшін “PANDORA” квестінің сертификатын жеңіп алды. “Голливудтың үздік жұптары” таңдалды. Таңдалған жұптарға “Томирис” фильміне 4 билет сыйға берілді. Жаңадан қабылданған студенттерге студенттік билеттер тапсырылып, мерекелік би кешімен аяқталды.