Жаңалықтар

Ашық есік күні

17 сәуір күні  “Innovative College” мекемесінде биылғы жылғы талапкерлер үшін  Ашық есік күні өтті.

 Бұл күні колледжде 200-ден астам талапкерлер келді. Холда қонақтар колледждің бағдаламаларымен және мамандықтармен танысып, колледж оқытушыларына өздерінің сауалдарын қойды.

Іс-шараның ресми бөлімінде директордың орынбасары Ауесова Ж.К. сөз сөйлегеннен кейін, колледждің презентациясы көрсетілді.

“Сұрақ-жауап” интерактивті модуль кезінде қонақтар  ұйымдастырушыларға өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойды. Бұдан әрі талапкерлер зияткерлік кейстерді шешіп, өз күшетірін сынау үшін   дәрісханаларға шақырылды.

Зияткерлік кейстерді шешіп болған соң, студенттік парламент жиналған қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Келесі кезекте Ашық есік күніне арнайы шақырылған  талантты әншілер өз өнерлерімен қонақтар мен  талапкерлердің көңіл күйлерін көтеріп,  бір шабыттандырды.