Жаңалықтар

Облыстық ән фестивалі «І аm a Singer»

25.02.2019ж «Innovative College» мекемесінде ЖББ пәндер бірлестігінің онкүндігі шеңберінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Матенова Б.А. ұйымдастыруымен Үштілділікті қолдау мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Жастар жылы – 2019» аясында ШҚО ТжКББ және КД орталығы» қолдауымен оқу мекемелерінің I,II,III курс студенттер  арасында ағылшын тілінде  «I am a Singer» атты облыстық ән фестивалі өткізілді.

Фестиваль 2 кезеңнен тұрды.  Оған ШҚО бойынша 12  білім ұйымдары қатысты. 1 кезең іріктеу кезеңі болды.    12 колледждан 19 номер қаралып  2 кезеңге 10 коллеж 16 нөмірмен жолдама алды. Барлығы 21 қатысушы фестивальдің екінші кезеңінде өнерлерін көрсетті. Оның  ішінде алыстан Зайсан қаласынан келген  КММ Зайсан технологиялық   колледжін, Өскемен қаласынан Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін атап кетуге болады.

Нәтижесінде 3 қатысушы ШҚО ТжКББ және КД орталығы дипломымен марапатталды. Жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды. Сондай ақ қалған қатысушылар мен жетекшілері  «Innovative College» мекемесінің Сериификатымен және Алғыс хатымен марапатталды.

1 орын иегері- ШҚО, Семей қаласы, КМҚК Р. Байсеитова атындағы қаржы-экономикалық колледжінің  студенті Ахмадиева Ақбота .

2 орын иегері- ШҚО, Семей қаласы, ШҚО, Семей қаласы, КМҚК «Құрылыс  колледжінің студенті Боденов Темирлан .

3 орын иегері- ШҚО, Семей қаласы, КМҚК Геодезия және картография колледжінің  студенті Калигожина Агерим .

Фестивальға қазалық еткен: қазылар алқасының төрағасы: – КҚМК «Семей қаласының саңырау, мылқау азаматтарына арналған клубы»  мекемесінің іс-шара ұйымдастырушы, Республикалық және облыстық сайыстардың жеңімпаз әншісі және дипломанты, қалалық Мәдениет сарайының жеке орындаушысы Акимханова Асия Мырзатаевна .

Мүшелері: Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Искакова Динара  және Касенова Зарина.

Фестивальдің алғашқы ашылуын 2011жылы «SING and STUDY»  колледж студенттері арасында өткен ән сайысының бас жүлде ингері, Әлем шоу» агенттігінің жұлдызы Абыханова Асемнің әдемі ән шашуымен ашылды.

ҚазИГЗУ акт залын толтырған көрермендер әрбір қатысушыларға қызу қолдау көрсетіп, қолдап отырды. Фестиваль қонақтары мен қазылар алқасының мүшелері фестивалдің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілгенін атап көрсетті.