Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

20.02.2019 жылы “Innovative College” мекемесінде “Жастар жылы – 2019” аясында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған “Мұқағали – мәңгілік ғұмыр” атты тақырыптағы жас ақындар мүшәйрасы болып өтті. Мүшәйраға өлеңдері іріктеліп алынған 14 жас ақын қатысты. Жыр додасына білікті ақындар қазылық жасады. Нәтижесінде: “Бас жүлде” – 37гимназия оқушысы (Аспандиярова Г.);
1 орын – 36 мектеп оқушысы (Тоқтамыс Ә); 
2 орын – Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназия оқушысы (Бейсенбай Н.) және 3 мектеп оқушысы (Мұратқали И.);
3 орын – 2 мектеп оқушысы (Жапаров Д.), 4 мектеп оқушысы (Тортаева Ә.) және 47 мектеп оқушысы (Кәрімтайұлы Е.) иеленді. Атап өте кетерлік жағдай, Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназия оқушысы Бейсенбай Нұрисламға “Innovative College” мекемесінің басшылығы білім грантын сыйлады. 
Мүшәйраны ұйымдастырушы – Макаева А.С.