Жаңалықтар

«Білгірлер бәйгесі»

15.02.2019 жылы «Innovative College» мекемесінде ЖББ пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында химия, математика, физика пәндерінен «Білгірлер бәйгесі» атты сайыс өткізілді. Іс-шараға қала бойынша №11, №16, №21,№47 ЖОББМ оқушылары қатысты. Қатысушылар сайыс қорытындысы бойынша  дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен  марапатталды.