Аягөз қаласының мектеп түлектеріне  кәсіптік бағдар беру жұмыстары

25-26 қаңтар аралығы 2019 ж. “Innovative College” мекемесінің маманы Аягөз қаласының мектеп түлектеріне  кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мақсаты- бітіруші түлекке мамандықты дұрыс таңдау жолдарын көрсету, келешек ұрпаққа бағыт- бағдар беру.

Бағдар беру жұмыстары Аягө қаласының мектеп-лицейіне, №1, №3  орта мектебі және К.Бозтаев атындағы мектептерге жүргізілді. Бітіруші түлектер саны 200- ден астам.

Мектеп оқушылары оқу орыны, мемлекеттік грант жайлы сұрақ қойып, білімге деген қызығушылықтарын білдірді.

Аудандар мен ауылдарда жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы жыл сайын өз жалғасын табуда.