Жаңалықтар

Колледж студенттері жаңа жылды атап өтті

21 желтоқсанда “Innovative College” мекемесінің студенттеріне Семей қаласындағы “Broadway” мейрамханасында жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырды.

Мерекелік шараға колледждің барлық білім алушылары қатысты. Жиылғандарды санаулы күндерден соң төрімізге енетін жаңа 2019 жылмен колледжіміздің директоры Уразбаева Күміс Төлеубекқызы құттықтады.

Құттықтау сөзден кейін шара колледж өнерпаздары дайындаған концертке ұласты. Студенттердің дайындаған өнерлері, түрлі қызықты ойындар мен сайыстарды кештің басты кейіпкері Аяз ата мен Ақшақар бағалап, сыйлықтарын таратты. Аталмыш кеш те ән де айтылды,  жайдарманшылар да қағытпа әзілдері арқылы көрермен көңілінен шығып, олардың ықыласына бөленді.

Мерекелік шара әдемі би кешімен өз жалғасын тапты.